Бахрейн халқы шейх Иса Қасемді қолдап, шеруге шықты
(last modified Fri, 01 Dec 2017 14:58:31 GMT )
Жел 01, 2017 20:58 Asia/Almaty
  • Бахрейн халқы шейх Иса Қасемді қолдап, шеруге шықты

Бахрейн халқы бейсенбі күні кешке елдің ғұламаларының шақыруымен әртүрлі аймақтарда шеруге шығып, шейх Иса Қасемді қолдайтындықтарын жариялады.

Бахрейндік ғұламалар бейсенбі күнгі мәлімдемесінде елдің халқын  шейх Иса Қасемді қолдап, шеруге шығуға шақырды. Бахрейн халқы шейх Иса Қасемнің суреттерін қолдарына ұстап, "Ләббәйк Иса Қасем", "Біз басшымызды қалдырмаймыз" деген ұрандар айттып, шейх Иса Қасемнің жағдайының нашарлауына Халифе режимін тікелей жауапты деп атады. Халифе режимінің әскерилері шерушілерді таратуға әрекет жасап, олармен қақтығысып, көзді жасаурататын газ қолданды.

Қақтығыстар шейх Иса Қасем өмір сүретін әд-Дераз аймағында күшейді. Өткен күндері үйінде қамауға алынған шейх Иса Қасемнің жағдайының нашарлағаны туралы хабар таралған болатын.

Халифе режимі шейх Иса Қасемді Бахрейннің азаматтығынан айырып, айыптап, 2016-шы жылдың маусым айынан бері ғұлама өмір сүретін әд-Дераз аймағын қоршауға алған. Бахрейн 2011-ші жылдың ақпан айының 14-інен бері халықтың Халифе режиміне қарсы көтерілістеріне куә болуда.