Сириядағы ДАИШ-тың жасырын қоймаларынан америкалық қарулар табылды
Сирия армиясы Дейр эз-Зор аймағындағы ДАИШ лаңкестерінің жасырын қоймаларынан америкалық және еуропалық қарулар тапты.
ДАИШ лаңкестері қолданған бұл америкалық және еуропалық қарулар Сирияның шығысындағы әл-Ашаре, Сабихан және әл-Салахие аймақтарында тығылған болатын. Бұдан бұрын да Сирия армиясы өз елінің әртүрлі аймақтарынан Израиль мен Батыс елдері, соның ішінде АҚШ өндірген қару-жарақтарды тапқан болатын.