Ондаған мың адам Нетаньяхуға қарсы шеруге шықты
(last modified Sun, 03 Dec 2017 11:17:14 GMT )
Жел 03, 2017 17:17 Asia/Almaty
  • Ондаған мың адам Нетаньяхуға қарсы шеруге шықты

Басып алынған Палестина жерінде тұратын 20 мыңға жуық адам сенбі күні Тель-Авивте сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы шеру өткізді. Ол қазір өз лауазымын теріс пайдаланды деген айыппен тергеліп жатыр.

Басып алынған Палестина жерінде тұратын 20 мыңға жуық адам сенбі күні Тель-Авивте сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы шеру өткізді. Ол қазір өз лауазымын теріс пайдаланды деген айыппен тергеуге алынып жатыр.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, шеруді басып алынған Палестина жеріндегі Нетаньяхудың сыбайлас жемқорлығын айыптауға бағытталған ең үлкен шеру деп атауға болады.

Нетаньяху екі сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деп күдіктеліп отыр. Бірінші іс бай іскерлерден сыйлықтар алуына қатысты. Екінші іс сионистік режим Премьер‑министрінің «Едиот Ахронот» сионистік газеті иесімен бәсекелес газетке (Израиль Хиум) шектеу қоюдың есесіне Министрлер кабинеті жайлы ақпараттарды көбірек таратуға келіскеніне қатысты болып отыр.

Сенбі күнгі шерудің себебі – келесі аптада Израильдің Кнессеті тарапынан бекітілейтін заң жобасы. Ол бойынша сионистік режим полициясына Нетаньяхуға қарсы осы екі іске қатысты тапқан мағлұматтарды  жариялауға тыйым салынады.

Сыншылардың айтуынша, жоба – Нетаньяхуды қорғауға және қоғамдық пікірді оның жемқорлығы туралы екі істің жай-жапсарынан хабарсыз қалдыруға бағытталған әшкере талпыныс.