Ердоған: Түркияда тұрақсыздық тудырып, оның негіздерін шайқалту – АҚШ-тың мақсаты
Түркия президенті АҚШ-тың Анкара түрлі мәселелерге қатысты тәуелсіз позияцияларды ұстанғандықтан Түркияны жазалап, елде тұрақсыздық тудыру мақсатында талпыныс жасап жатқанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні кешке АҚШ-тың Анкараны әлсірету мақсатында жоба құрғанына сілтеме жасап: "Түркияның Вашингтонның саясаттарына мойынсынбауына байланысты Вашингон Анкараны әлсіретіп, елде тұрақсыздық тудыруды көздеп отыр",- деді.
Ердоған Гюленді Түркияның қауіпсіздігін бұзуға талпыныс жасап жатқан АҚШ-тың қуыршағы деп атады.
Түркия президенті сөзінің келесі бір бөлімінде АҚШ-ты Күрдістан жұмысшылар партиясына қолдау көрсеткені үшін айыптады.
Түркия Сирияның солтүстігінде сириялық күрд әскери күштерінің орналасуын өз елінің қауіпсіздігіне төнген қатер деп атады.
Ердоғанның айтуы бойынша, Вашингтонның Сирия мен аймақта іске асырып жатқан саясаттары АҚШ-тың мазлұмдарды қорғауды емес, керісінше, аймақтың географиялық құрылымын өзгертуді көздеп отырғанын білдіреді.