Сирияда сионистік режимнің ең дамыған зымыраны жойылды
(last modified Wed, 06 Dec 2017 00:53:54 GMT )
Жел 06, 2017 06:53 Asia/Almaty
  • Сирияда сионистік режимнің ең дамыған зымыраны жойылды

"Панцирь-C1" әуе қорғаныс кешені сионистік режимнің "LORA" атты ең дамыған зымыранын жойды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режим Дамаск облысындағы Джамрая ауданында орналасқан ғылыми зерттеу орталығына 6 зымыран атты, Сирия армиясының әуе қорғаныс бөлімшесі Ресейде шығарылған " Панцирь-C1" әуе қорғаныс кешенін пайдаланып, үш зымыранды, соның ішінде сионистік режимнің "LORA" атты ең дамыған зымыранын жойды.

Израиль ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, "LORA" зымыраны салыстырмалы түрде шағын. Оның салмағы – 1700 кг, ұзындығы – 5 метр, ал ұшу ұзақтығы – 300 км.

Тегтер