Иран – Ирактың газ өнеркәсібін дамытуда стратегиялық серіктес ел
Ирак үкіметі сейсенбі күнгі бір мәлімдемесінде Ирак үкіметінің елдің шығысындағы Дияла облысына Ираннан табиғи газ импорттауға келіскенін хабарлады.
Бұл шешіммен Ирак үкіметінің ИИР-нан газ сатып алу көлемі ұлғаяды. ИИР өткен маусым айынан бері Иракқа газ экспортын бастады. Бұдан бұрын Иран мен Ирак Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК-ке мүше ретінде 2013 жылы газ саласында келісімге қол қойған болатын. Бұл келісім Ирактағы тынышсыздықтарға байланысты кешеуілдеп орындалды. Қазір Иракта «даиштік» лаңкестік жойылып, елде салыстырмалы түрде қауіпсіздік пен тұрақтылық орнағаннан кейін Иран газын Иракқа экспорттауға қолайлырақ жағдай жасалды. Осындан бұрық лаңкестер шекаралық аудандарда Иран газын Иракқа тасымалдайтын құбыр желілерін жарып жіберіп, Иракқа тұрақты түрде газдың тасымалдануына кедергі келтірді.
Қазір Ирактың қауіпсіздік жағдайы бұрынғыға қарағанда қолайлы. Бұл Ирак үкіметінің Ираннан газ сатып алуды арттыруға келісім беруіне себеп болды. Ирак мен Ирак ортақ шекарасы ұзақ көршілес елдер ретінде әріптестік жасау үшін көптеген әлеуеттерге ие. Мұнай-газ өнеркәсібі Иран мен Ирактың стратегиялық қарым-қатынасында потенциалы жоғары маңызды әлеуеттердің бірі саналады. Әртүрлі ортақтықтардың болуы мен географиялық жағдай Иран мен Ирактың ынтымақтастығын жеңілдетті. Сол себепті Ирак үкіметі Ираннан газ экспорттаумен қоса, Иранның мұнай-газ өнеркәсібін дамыту жолындағы тәжірибелерін пайдалануды көздеп отыр.
Осы аяда Ирактың Мұнай министрінің орынбасары Хамед Юнес дүйсенбі күні Теһранда Иранның Мұнай министрі Бижан Занганемен кездескеннен кейін Ирактың газ инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде өндіріс кешендері мен тұрғын үйлерге газ жеткізу желілерін салу және автокөліктерді газбен жүргізу сияқты ауқымды бағдарламасының бар екендігін айтып: "Ирак осы мақсаттарға жету үшін Иранмен әріптестік жасауды қажет етеді",-деді.
ИИР мұнай-газ саласында жергілікті білімге арқа сүйеп, даму кезеңін бастан өткеріп жатыр. Иран әлемде мұнай-газ қоры мол ел саналумен қоса, осы салаға қатысты құрал-жабдықтар мен бөлшектер шығаруда жақсы тәжірибелерге ие. Ирак Иранға көршілес ел болғандықтан және Теһран ДАИШ-тан кейінгі кезеңде Иракты дамытуда осы елдің қасынан табылатындықтан бұл тәжірибелерді Ирак үкіметінің ықтиярына бере алады. Ирактың Мұнай министрінің орынбасары айтқандай, Иран газ саласында өте бағалы тәжірибеге ие. Ирак өз мақсаттарын орындау үшін Иранмен әріптестікті дамытуды қажет етеді.
Иранның Ұлттық газ компаниясының атқарушы директоры Хамидреза Арақи сейсенбі күні Теһранда Ирак Мұнай министрінің орынбасары Хамед Юнеспен кездесуінде: "Иран жақын болашақта газ тасымалдайтын құбыр желілерін тарту және оларды бақылау саласындағы тәжірибелерімен Иракпен бөлісетін болады. Мұнымен бір мезгілде Ирактың мұнай және газ саласындағы жобалары ирандық компаниялардың әріптестігімен орындалады",-деді.