Нетаньяху Құдсқа қарсы заңға дауыс беруді кейінге қалдырды
АҚШ үкіметінің Палестинаға қарсы шешіміне қатысты әлемдік ашу-ызаның артуымен тұспа-тұс сионистік режимнің премьер-министрі "Біртұтас Құдс" атты заңжобасына дауыс беруді кейінге қалдырды.
ИСНА-ның мәліметі бойынша, сионистік режимнің екінші арнасы осы режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхуге жақын адамдардың бірінің сөзіне сілтеме жасап: "Кнессеттің "Біртұтас Құдс" заңын бекітуі Дональд Трамптың АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа ауыстыру туралы шешімінен кейінгі саяси қайшылықтарды одан сайын күшейтеді",- деді.
"Біртұтас Құдс" атты жоба бойынша Құдстың жағдайын өзгерту үшін Кнессет мүшелерінің 80 пайызының оң дауысы қажет.
Нетаньяхуге жақын көздің айтуы бойынша бұл заң палестиналықтармен алдағы келіссөздерді қиындатуымен бірге АҚШ үкіметін қиындықтарға тірейді. Осы мәлімет бойынша бұл заң жобасын бекіту Дональд Трамптың орынбасары Майк Пенстің басып алынған жерлерге сапарының соңына дейін кейінге қалдырылады. Израильдің "Валал" хабар сайты бұдан бұрын Кнессеттің осы аптада "Біртұтас Құдс" заңын бекітетіні туралы хабарлаған болатын.