Башар Асад: Сирия халқы Ресей әскерилерінің қолдауын ұмытпайды
Сирия Президенті Башар Асад дүйсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинмен Латакия аймағындағы Хмеймим базасында кездесіп, Ресейдің Сирияның лаңкестікке қарсы соғысқа белсенді қатысуына алғыс айтты.
"Меһр" ақпарат агенттігінің Elnashra агенттігінің мәліметіне сүйеніп хабарлауы бойынша Башар Асад: "Сирия халқы ресейлік әскерилердің қолдауын ұмытпайды. Лаңкестерге қарсы күресте қаза болған ресейлік әскерилер мен Сирия армиясы әскерилерінің қандары араласты",- деді.
Владимир Путин де Ресей күштерінің үлкен бөлімінің Сириядан кететінін қуаттап: "Ресей мен Сирия күштері жоғары әскери дайындықтарымен халықаралық лаңкестердің тобын жеңді. Егер лаңкестер қайтадан бас көтерсе, Ресей оларға бұрын-соңды көрмеген соққы береді",- деп баса айтты. Путин Ресей әскери базаларының Тартус пен Хмеймимде тұрақты орналасатындығына сілтеме жасап: "Лаңкестіктің тамырын жоюға қатысқан Түркия мен Иранның көмегімен Сирияда бейбітшілк орнатылып, өмір бұрынғы қалпына келеді",- деген үміт білдірді.