Ердоған: Израиль – басқыншы әрі террорист ел
Түркия Президенті: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары бойынша, ешбір елдің Құдста елшілік ашуына құқығы жоқ",-деді.
"Анадолы" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні Стамбұлда Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысында: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты Израильдің астанасы деп тану туралы шешімінің тарихи, құқықтық және ақлақтық тұрғыдан заңдық күші жоқ. Ол тек басып алынған Палестина жеріндегі палестиналықтарды жазалау үшін қабылданды",-деді.
Ол Палестина мәселесінің әділ жолмен шешілуі қажеттігін қуаттап: "1947 жылдан осы күнге дейін Израиль Палестина жерін біртіндеп басып алуын жалғастырып келеді. Бұл – заңсыз әрекет",-деп баса айтты.
Палестина мәселесі әділ жолмен шешілмесе, әлемде бейбітшілік жайлы сөйлеуге болмайды.
Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоғлы да сәрсенбі күні Стамбұлда Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысының ашылу рәсімінде: "АҚШ Президенті Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялап, бұл елдің елшілігін қасиетті Құдсқа көшіру мәселесін көтеру арқылы адамдардың сезімдеріне сызат түсірді. Өйткені, Америка Израильдің Құдсты басып алуын заңды етіп көрсеткісі келеді",-деді.