Рухани: Стамбұл саммитіндегі бірлік мұсылмандарды Палестинаға қатысты үміттендірді
(last modified Thu, 14 Dec 2017 10:54:52 GMT )
Жел 14, 2017 16:54 Asia/Almaty
  • Рухани: Стамбұл саммитіндегі бірлік мұсылмандарды Палестинаға қатысты үміттендірді

ИИР Президенті Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысының Стамбұлда өткізілгеніне алғыс білдіріп: "Бұл саммит әлем мұсылмандарын Палестинаға қатысты үміттендірді",-деді.

Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Стамбұлда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуінде АҚШ Президентінің Құдсқа қатысты жуырдағы шарасын әлемнің барша мұсылмандары мен азаттық сүюшілерін алаңдатқанын айтып: "Бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысында басталған жол бірауыздан жалғасуы тиіс. Сонда АҚШ ешқашан мұндай шешімін орындауға рұқсат ала алмайды",-деді.

Рухани америкалықтар мен сионистердің ислам әлеміне қарсы қастандықтарының әртүрлі тәсілдермен жалғасып жатқанына тоқталып: "Қуанышымызға орай, әлемнің түкпір-түкпіріндегі барша мұсылмандар Палестина жерін қорғауға қатысты сезімдерін  білдіріп, осы қастандыққа қарсы шықты", -деді.

Режеп Тайып Ердоған да осы кездесуде Стамбұл саммитына Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының кең түрде қатысқанына тоқталып: "Бұл құзыр ислам елдерінің Палестинаға қатысты ортақ пікірге ие екенін көрсетеді. Мұндай бірліктің Палестина халқының құқықтарының орындалу жолында көбірек қадам жасалуына себеп болатындығына үміттенеміз",-деді.