Израильдің Газа секторына жасаған шабуылы шығын келтірген жоқ
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары бейсенбі күні таңертең Газа секторындағы әртүрлі нысандарға 10 реттен артық шабуыл жасап, Палестина исламдық қарсыласу (ХАМАС) және "Исламдық джиһад" атты екі қозғалыстың базаларын нысанаға алды.
Al Alam телеарнасының мәліметі бойынша, шабуылдар кезінде сонымен қатар Газа, Хан-Юнес, Дейр әл-Балах қалаларындағы базалар мен Абу Джарад, Құрайыш және әс-Сафина әскери базалары нысанаға алынған.
Бұл кейбір ақпарат құралдары сәрсенбі күні сионистік дереккөздерге сілтеме жасап, Газа секторынан басып алынған жерлерге қарай екі зымыранның атылғаны туралы мәлімдеген жағдайда орын алды.
Сионистік режим Газа секторынан басып алынған аймақтарға жасалған зымырандық шабуылдарды сылтауратып, бұл аймақты нысанаға алды.
Дональд Трамптың жуырдағы шешіміне қатысты әлем мұсылмандарының ашуы мен палестиналықтардың жаппай наразылық білдіруінің жалғасында сионистік режим бірнеше рет Газа секторын шабуылдарының нысанасына алды.