Израиль палестиналық шерушілерге қарсы күдікті улы газ пайдаланды
Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі сионист әскерилердің палестиналық шерушілерге қарсы қолданған көзді жасаурататын газдың құрамын зерттеуді сұрады.
ИРНА-ның Rusiya Al-Yaum ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газадағы баспасөз хатшысы Ашраф әл-Ғодра: "АҚШ президентінің Құдсқа қатысты шешіміне наразы көптеген палестиналық шеруші жұма күні сионистік режимнің улы газ қолдануы салдарынан тыныстары тарылып, тұншығудан зардап шекті.
Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласының шығыс бөлігіндегі шерушілердің улы газды жұтуы салдарынан олардың жүрек соғыстары артып, құсу мен жөтелу секілді жағымсыз салдарлары байқалды",- деді.
Палестина халқы жұма күні Иордан өзенінің батыс жағалауында, Газа секторы мен Құдста шеру ұйымдастырып, АҚШ президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындау туралы шешімін айыптады.
Сионист әскерилер наразыларды жаппай басып-жаныштаған шеруде 4 палестиналық шәһид болып, кемінде 367 адам жарақат алды. Сионистік режимнің полициясы көптеген шерушіні құрықтады.