Йеменнің «Ансаролла» қозғалысы: АҚШ үмітсіздікпен Сауд Арабиясының қорғаушысына айналды
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының баспасөз хатшысы Мұхаммад Абдулислам Сауд Арабиясының Йемен халқына қарсы қылмысының күшеюінің негізгі себебін АҚШ-ның қолдауына иелігі деп атап: «Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауына сенімді болғандықтан Йемен халқының құқығына қарсы бұрынғыдан да көп қылмыс жасайды» - деп мәлімдеді.
Мұхаммад Абдулислам БҰҰ-ғы АҚШ өкілінің өткен қараша айында эр-Риядқа қарсы жасалған Йеменнің зымырандық шабуылы туралы мәлімдемесіне тоқталып: «АҚШ үмітсіздікпен Сауд Арабиясының қорғаушысына айналды» деді.
Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының баспасөз хатшысы Сауд Арабиясының Таиз, Саада және Әл-Хадиде облыстарын бомбалауы салдарынан 70 адамның қаза тауып, жарақат алғандары туралы: «Сауд Арабиясының одақтастарының йемендіктерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатырмыз деп ойлайтыны өкінішті» деді.