Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы: Рияд пен Абу-Даби йемендік зымырандардың нысанасына алынады
(last modified Wed, 20 Dec 2017 10:09:56 GMT )
Жел 20, 2017 16:09 Asia/Almaty
  • Йеменнің Ансаролла қозғалысының басшысы: Рияд пен Абу-Даби йемендік зымырандардың нысанасына алынады

Сейед Абдолмалек Бадраддин Хуси: "Шапқыншылар Сананы бомбалап жатқандықтан, біз Рияд пен Абу-Дабиды бомбалаймыз. Йемендік зымырандық тәжірибе күннен күнге дамып, олардың жететін қашықтықтары да артуда",- деп мәлімдеді.

"Әл-Әлам" телеарнасының мәліметі бойынша, Йеменнің «Ансаролла» қозғалысының Бас хатшысы сейсенбі күні Йеменге қарсы шабуылдың мыңыншы күніне жасаған мәлімдемесінде: "Бүгін баллистикалық зымырандар дұшпанның сарайларына жетті. Шапқыншылардың қылмыстары артқан сайын біздің оларға қарсы қолданатын тәсілдеріміз де артады. Саудиялық коалиция барлық заңдар мен келісімдерді бұзып, ешбір заңға табанды болмады. АҚШ – осы шабуылдың жобалаушысы. Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі – оның қуыршақтары. Сауд режимі – Құдсқа қарсы қастандық жасаушы. Шапқыншылар Ирак пен Сириядағы сәтсіздіктерінен сабақ алуы керек",- деді.