Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа аймағына шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i33305
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа аймағында Палестина қарсыласу күштерінің позициялары мен тұрғын үйлерін бірнеше рет бомбалады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 25, 2017 22:23 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа аймағына шабуыл жасады

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа аймағында Палестина қарсыласу күштерінің позициялары мен тұрғын үйлерін бірнеше рет бомбалады.

«IRNA» агенттігінің мәліметіне сәйкес, сионистік режим дүйсенбі күні таңертен Газа қаласының солтүстік батысында орналасқан әл-Судания аймағын бомбалап, осы аймаққа жақын палестиналықтардың баспаналарына нұқсан келтірді.

Сонымен қатар сионистік режимнің қырғи ұшақтары Газа қаласының солтүстік-батысында орналасқан «әл-Ваха» аймағына 3 зымыран атып, бұл аймақты толығымен қиратты.