Демирташ: Джизреде соғыс қылмысы жасалды
Нау 28, 2016 21:05 Asia/Almaty
Түркия халықтары демократиялық партиясының төрағасы осы елдің үкіметін Джизре қаласында соғыс қылмысын жасады деп айыптап, осы соғысқа «Әділет және даму» партиясынан басқа ешкім жауапты емес деді.
Түркияның Ширнак облысына қарасты Джизре қаласына сапар шеккен Селахаттин Демирташ жексенбі күні сөйлеген сөзінде: "Осы қалада бірнеше айдан бері үрей- қорқыныш саясаты іске асырылып, Джизре қаласының көшелерінде қауіпсіздік саласында қысым жасалып, қатаң коменданттық сағат орнатылды" деді.
Тегтер