2017 жылы сионистер тарапынан шәһид болған және қамауға алынған палестиналықтардың статистикасы
(last modified Mon, 01 Jan 2018 10:12:56 GMT )
Қаң 01, 2018 16:12 Asia/Almaty
  • 2017 жылы сионистер тарапынан шәһид болған және қамауға алынған палестиналықтардың статистикасы

Ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, 2017 жыл сионистік режимнің әскерилері мен қалашық тұрғындары 98 палестиналықты шәһид етіп, 6 мыңнан астам адамды қамауға алды.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, 2017 жылы палестиналықтардың сионист басқыншылармен қақтығыстары салдарынан шәһид болған 98 адамның 37-сі Иордан өзенінің батыс жағалауында, 9 адам Құдста, 46 адам Газа секторында, 6 адам 1948 жылы басып алынған Палестина жерінде қаза тапқан.

Құдс исламдық вакф басқармасының басшысы Азам әл-Хатиб жексенбі күні: "2017 жылда шамамен 26 мың сионист сарбаз бен сионистік қалашық тұрғыны әл-Ақса мешітіне баса-көктеп кірді",-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, сионистердің әл-Ақса мешітіне басқыншылықтар оның араб-исламдық болмысын өзгерту мақсатында жасалады.