Насролла: АҚШ пен Сауд Арабиясы және Израильдің Иранға қатысты үміттері ақталмады
Ливан Хезболласының бас хатшысы сəрсенбі күні Иранда соңғы бірнеше күнде орнаған жағдайға білдірген реакциясында: "АҚШ Президенті Дональд Трамп, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Сауд Арабиясы басшыларының Ирандағы əрекеттері жеңіліске ұшырады",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Хасан Насролла сəрсенбі күні Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында: "АҚШ пен оның одақтастарының Иранға қарсы əрекеттері Иранның қарсыласу қозғалысы мен Палестина мəселесін қолдауына байланысты жасалып жатыр",-деді. Ливан Хезболласының бас хатшысы Иран халқының қарсыласу қозғалысына сенетінін айтып:"Иран халқы осы уақытқа дейін бірнеше рет АҚШ пен оның одақтастарының жоспарларының күл талқанын шығарды",-деп еске салды. Сейіт Хасан Насролла Палестина халқының берілмейтінін қуаттап:"Қарсыласу қозғалысы палестиналықтардың қарсыластығына көмектесу үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады. АҚШ, сионистік режим мен Сауд режимі аймақты соғысқа итермелеуді көздейді, ал қарсыласу қозғалысы оларға қарсы тұруға дайын",-деді.