АҚШ Президентінің Құдсқа қатысты шешіміне наразылықтар жалғасуда
(last modified Sun, 07 Jan 2018 15:10:52 GMT )
Қаң 07, 2018 21:10 Asia/Almaty
  • АҚШ Президентінің Құдсқа қатысты шешіміне наразылықтар жалғасуда

Сенбі күні кешке сионистік режимнің басып-жаншуларына қарамастан, палестиналықтар Құдс қаласының Салаһаддин көшесінде Құдсты қолдап, Дональд Трамптың бұл қаланы сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауын айыптаған шеру өткізді.

Палестинаның Қызыл Жарты ай қоғамының медициналық дереккөздері: "Палестиналықтардың шерулері сионистік әскерилерге қарсы қақтығыстарға тірелді. Сионистік әскерилер палестиналықтарға шабуыл жасап, гранаталар лақтырып, бес адамды жаралады.  

Ислам елдерінде АҚШ пен Израильге қарсы шерулер өтіп, халық Палестина халқы мен Құдсты қолдады.