Түркия СІМ шетелдік дипломаттардың әрекетіне наразылық танытты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i3388-Түркия_СІМ_шетелдік_дипломаттардың_әрекетіне_наразылық_танытты
Түркия СІМ осы елде тұратын кейбір шетелдік дипломаттардың шараларына Анкараның наразы екенін осы елдің елшіліктеріне мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 29, 2016 20:30 Asia/Almaty
  • Түркия СІМ шетелдік дипломаттардың әрекетіне наразылық танытты

Түркия СІМ осы елде тұратын кейбір шетелдік дипломаттардың шараларына Анкараның наразы екенін осы елдің елшіліктеріне мәлімдеді.

Түркияның «TRT» телеарнасының интернеттік торабының мәліметі бойынша, Түркия СІМ осы ел үкіметінің бір топ консулдар мен шетелдік дипломаттардың Джан Дондар («Cumhuriyet» газетінің бас редакторы) мен Эрдем Гюльдің («Cumhuriyet» газетінің тілшісі) сот отырысына қатысуына наразылық білдіріп, осы шара бұл кісілердің сот үдерісіне араласу дегенді білдіреді деп қуаттады.

Түркия СІМ сондай-ақ Анкараның аталмыш дипломаттар тарапынан әлеуметтік желілерде Джан Дондар мен Эрдем Гюльдің соты туралы тақырыптардың жариялануын сынап, оны бейтараптық қағидасына қайшы келеді деп бағалады.

Джан Дондар мен Эрдем Гюль Түркияның Ұлттық Барлау Ұйымына тиесілі жүк көліктерімен Сирияға қару тасымалдануы туралы бейнелер таратуына байланысты сот қудалауына ұшырады.