UNICEF: Арабстанның әскери басқыншылығынан күніне йемендік бес бала құрбан болады
БҰҰ-на қарасты балаларды қорғау қоры UNICEF Арабстанның 2015 жылдың наурыз айынан осы уақытқа дейінгі Йеменге жасап жатқан шабуылдарында шамамен 5000 йемендік баланың қаза тауып, жараланғанын хабарлады.
France-Presse хабар агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ-на қарасты балаларды қорғау қоры UNICEF-тің өкілі Mircelet Rilano Йеменде жасаған мәлімдемесінде: «Сонымен қатар бір млн 700 мың йемендік бала нашар тамақтанудан зардап шегуде. Шамамен 4000 бала да тірі қалу үшін жедел емдеуді қажет етеді. Йемендік балалардың жартысынан көбі ауыз су мен қажет гигиенадан мақұрым қалып, босқындық, ауру, кедейшілік пен нашар тамақтанумен бетпе-бет келіп отыр» деді.
UNICEF қоры өкілінің айтуы бойынша, йемендік балалардың 70 пайызы отбасыларымен кедейшілікте өмір сүріп жатыр. 11 млн бала жедел гуманитарлық көмекке мұқтаж. 2017 жылдың қыркүйек айының соңына дейін шамамен 256 мектеп толығымен қиратылған. 150 мектепке соғыс босқындары қоныстанған» деді.