Һание революция жетекшісіне жазған хатында Палестина халқын қолдау ұстанымдары үшін алғыс білдірді
Палестина Исламдық қарсыласу қоғалысы (ХАМАС) саяси бюросының төрағасы Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеиге жолдаған хатында Иран халқының қолдаулары мен ислам революциясы жетекшісінің жетекшіліктері үшін алғыс білдірді.
Исмаил Һание хатта үстемшілдіктің қарсыласудың бекінісі ретіндегі Газа секторын құлату және басқыншы режимге қарсы күресті тоқтату, оның аймақтың тәуелді билеушілермен қатынастарын қалыптандыру мақсатында Құдс пен Палестина халқына қарсы үлкен қастандық әрекетінің аспектілеріне сілтеме жасап: "Біз Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдстың ішінде қарқынды халықтық интифазаны бастап, Құдайдың көмегімен осы ғасырдың шайтаны Трамп пен алыс-жақын астаналарда отырған екіжүзді билеушілердің Палестина мәселесін түбегейлі тоқтатуға бағытталған қастандық әрекетін бейтараптандырамыз",- деп баса айтты.
ХАМАС саяси бюросының басшысы бұл хатында осы қозғалыстың қолбасшылары мен моджаһидтерінің және бүкіл Палестина халқының сәлемін Ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқына жолдап, ирандықтарды тұрақты, берік әрі үстемшілдікке қарсы елде өмір сүріп жатқан текті халық деп атап: "Палестинаның барша табанды халқы ислам республикасының түрлі көмектер көрсетуі арқылы Палестина мен Құдс мәселелерін және Палестинаның қарсыласушы халқына қолдау көрсеткенін мақтап, дәріптеуде",- деді.
Һание АҚШ тарапынан Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындауын араб-израильдік одақ үшін аймақ билеушілерінің жолынан кедергілерді жою және қарсыласу қозғалысын қарусыздандыру мақсатында жасалған қадам деп атап, Ислам революциясы жетекшісіне: "Мен жоғары мәртебелі хазіреттің ислам республикасы мен оның мүмін қолбасшыларына Палестина мәселесін тәмамдау жобасымен күресу үшін жетекшілік етуде атқарған маңызды рөлі мен ислам үмбетінің рухын көтеріп, екіжүзді билеушілері мен олардың қастықтары басқа жаққа итермелейтін жардан аулақ болу үшін айтылған сөздеріне сенемін",- деді.
ХАМАС саяи бюросының басшысы Палестина мен Құдс мәселесіне қарсы қазіргі қастандық әрекетті бейтараптандырудың жолы Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдстың ішінде қарқынды халықтық интифаза ұйымдастыру деп атап: "Біз осы ғасырдың шайтаны – Трамптың алыс-жақын астаналарда Палестина мәселесін доғару, әсіресе оның діни белгісі, яғни Құдсты жоюға бағытталған үлкен қастандық әрекеті шеңберіндегі шешімін заласыздандыру үшін бұл шешімге елдің іші мен сырттағы барша халықтың құзырымен қолдау көрсетеміз. Құдайдың көмегінің арқасында бұл қастандық әрекеттің жүзеге асуына ешқашан рұқсат бермейміз",- деп баса айтты.