Бахрейнде Халифе әулеті режимінің басып-жаншулары жалғасуда
(last modified Tue, 23 Jan 2018 16:16:13 GMT )
Қаң 23, 2018 22:16 Asia/Almaty
  • Бахрейнде Халифе әулеті режимінің басып-жаншулары жалғасуда

Бахрейн режимінің әскерилері сейсенбі күні таңертеңнен бастап 11 тұрғын ауданға ауқымды шабуыл жасап, осы елдің 25 азаматы мен 1 дінбасшысын қамауға алды.

Бахрейн астанасы Манама қаласының әд-Дераз ауданында ұсталған екі адам осы елдегі шиіттердің танымал дінбасшысы шейх Иса Ғасемнің жақтастары болған. 8 ай түрмеде болған бұл екі адам дүйсенбі күні  кепілақы беріп уақытша босап шыққан.

Бахрейн режимі өткен алты жыл ішінде осы елдің 11 мыңнан астам азаматын жалған айыптармен қамауға алып, бірқатарын азаматтықтан айырып, елден шығарып жіберді.