Түркияда АҚШ-қа қатысты теріс пікір артты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i34329-Түркияда_АҚШ_қа_қатысты_теріс_пікір_артты
Жақында жүргізілген сауалнамалар Түркия азаматтары арасында АҚШ-қа қарсы теріс пікірдің артқанын көрсетіп отыр.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 29, 2018 16:24 Asia/Almaty
  • 
Түркияда АҚШ-қа қатысты теріс пікір артты

Жақында жүргізілген сауалнамалар Түркия азаматтары арасында АҚШ-қа қарсы теріс пікірдің артқанын көрсетіп отыр.

"Спутник" ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, BBC телеарнасы тарапынан жүргізілген сауалнама нəтижесі бойынша Түркия азаматтарының 82 пайызы америкалықтарға қарсы пікірге ие. Бұдан бұрын Gallup орталығының 2017 жылы жүргізген нəтижесі көрсеткендей, Түркия халқының 80 пайыздан астамы АҚШ-тың аймақтағы басқыншы əрі басып-жаншушы саясаттары мен стратегиясына қарсылық білдірген болатын.

Түркиядағы АҚШ-тың саясаттарына қатысты қоғамдық пікірде екі бетбұрыс нүктесі бар: бірінші оқиғаға сол елде болған сəтсіз төңкеріс жатады. Бұл оқиғада АҚШ төңкерісшілерді қолдап, Түркия үкіметі тарапынан төңкерісті ұйымдастырушы деп танылған Фетхулла Гюленге пана беру арқылы өзіне қатысты жағымсыз пікірдің қалыптасуына түрткі болды. Бұл мəселе Түркия үкіметінің НАТО-мен əріптестіктерін азайтуына себеп болды. Сол кезден бастап Түркия үкіметінің ресми саясаттары АҚШ-тың саясаттарынан алшақтады. Мұны Анкара мен Вашингтон арасындағы дипломатиялық дағдарыстан айқын байқауға болады.

Басқа жағынан Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялау ислам əлеміндегі мұсылмандардың сезіміне сызат түсуге соқтырды. Бұл оқиға Түркияның мұсылман қоғамында да кең түрде көрініс тапты. Түркия халқының Газа секторында жапа шегіп жатқан халыққа көмек жүгін тиеген кемесіне сионистік режимнің шабуыл жасауы сияқты оқиғалар осыдан бұрын Түркияның мұсылман халқының сезіміне сызат түсірген оқиғалардың қатарына жатады. Бұл түріктердің Палестина мəселесіне қатынасын да көрсетті.

Осыған орай Түркияның саяси сарапшысы Ендер Хелваджи-оғлы  АҚШ-тың өзінде де Трампқа сенімнің азайғанын айтып: "АҚШ-тың қате саясаттары – əлемнің негізгі проблемасы. Дональд Трамптың жуырда Құдсты сионистік режимнің астанасы деп жариялап, АҚШ-тың елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы шешімі Трамптың беделін төмендетті. АҚШ саясаттарына наразылықтың басты себебін бұл елдің Таяу Шығыс пен басқа аймақтарда жауластық саясаттарын жүргізуі деп айтуға болады",-деді.

Түркиядағы АҚШ-тың ішкі істерге араласушы қатынасына қарсылық сезімдеріне байланысты осы ел халқы басқа кезден көбірек АҚШ-тың үстемшіл саясаттарына ашулы. Сондықтан, Түркия үкіметі өз халқының талап-тілегіне құрметпен қарап, Батыстың Түркияға қатысты бұрынғы қатынастарын түсініп, осы ел халқының мүддесі мен абырой-беделін сақтауға бағытталған саясат  ұстануы тиіс.