Зариф пен Могерини Кувейтте кездесті
(last modified Wed, 14 Feb 2018 12:27:29 GMT )
Ақп 14, 2018 18:27 Asia/Almaty
  • Зариф пен Могерини Кувейтте кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини сейсенбі күні кешке Иракты қайта құру халықаралық конференциясы аясында Кувейтте кездесті.

«Тасним" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Зариф пен Могерини бұл кездесуде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен аймақтағы өзгерістер туралы пікір алмасты. Иран Сыртқы істер министрі бұл кездесуден бұрын Кувейт Сыртқы істер министрі шейх Салех Халед әл-Хамд әл-Сабахпен кездесіп, сөйлесті. Зариф пен шейх Салех Халед әл-Хамд әл-Сабах екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту және аймақ пен әлем мәселелері туралы пікір алмасты.

Зариф сейсенбі күні Иракты қайта құру халықаралық конференциясына қатысып, баяндама жасау үшін Кувейтке ұшып келген болатын. Зариф Кувейтке кірген кезде журналистерге берген сұхбатта: "Таяу Шығыста аймақ елдерінің ынтымақтастығынсыз еш уақытта қауіпсіздік пен тыныштық орнатылмайды",- деді. Ол сондай-ақ, Иракта тұрақтылық орнатылып, бұл елдің дамуын ИИР үшін өте маңызды деп атап: "Иран әрқашан Ирак үкіметі мен халқының қасынан табылды",- деп қуаттады.