Бахрейн халқының ақпанның 14 күнгі көтерілісінің жылдығындағы шерулері басып-жанышталды
Бахрейнде шерулердің басталуымен бір мезгілде әл-Халифе режимінің қауіпсіздік күштері сәрсенбі күні Бахрейннің әртүрлі аймақтарында төңкерісшіл халықпен қақтығысты.
Иран Телерадио ұйымына қарасты хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Бахрейн халқы ақпанның 14 күнгі төңкерістің жылдығындағы шерулерінің бірінші кезеңінде көшелерге шыққан. Алдын-ала жариялағандарына сәйкес, олар екі кезекте: түстен кейін де, түнде де көшелерге шығады.
Бахрейндік ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, әл-Халифе режимінің қауіпсіздік күштері ал-Акар аймағында бахрейндік шерушілерді тарқату үшін көзден жас ағызатын газбен шектеліп қалмаған. Олар қару да қолданған.
Бахрейннің басқа аймақтарында осы елдің қауіпсіздік күштерінің жастармен қақтығыстары да күшейе түскен. Қауіпсіздік күштерінің көліктері ел халқының шерулерін басып-жаныштау үшін негізгі көшелер мен аймақтардың кіреберіс дарбазаларында бекінген.
Әл-Алам телеарнасы бахрейндік дерекккөздеріне сілтеме жасап, шерушілер Бахрейн төңкерісінің жылдығында Нувайдрат аймағының негізгі көшесін көліктердің шиналарын өртеу арқылы бөгегенін, Бахрейн режимінің жалдамалыларын дайын жағдайға келтіргенін хабарлады.