Палестиналық топтар Трампқа елшілігін Құдсқа көшіру шешіміне қатысты ескерту жасады
Палестиналық көптеген басшылар мен топтар жұма күні Америка президенті Дональд Трамптың елшілігін палестиналықтар «Қасірет» күні деп атаған мамырдың он төртінде Құдсқа көшіру шешіміне қатысты ескерту жасады.
Америка СІМ жұма күні 2018 жылдың мамыр айының 14 күні елінің елшілігінің Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшірілетінін хабарлады
Anadolu хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысы «Американың бұл әрекеті осы елдің аймаққа қатер төндіріп, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа соққы беріп, израильдік басшылардың Палестина халқының құқығына қатысты лаңкестердің әрекеттерін қолдайтынын қуаттайды» деп мәлімдеді.
ХАМАС қозғалысының баспасөз хатшысы Абдуллатиф ал-Ғану да Америка елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа ауыстырудың сионистік режимге ешқандай заңдылық бермейтінін, Құдсқа қатысты ақиқаттарға өзгеріс енгізбейтінін, себебі, Құдстың палестиналықтарға тиесілі екендігін баса айтты.
Палестинанның «Ұлттық Бастама» қозғалысының бас хатшысы Мостафа ал-Барғуси да: «Палестинанның азаттық сыйлаушы ұйымы неғұрлым тезірек Американың осы шешіміне іс жүзінде жауап беріп, Палестина Орталық кеңесінің қаулыларын, әсіресе Израильмен қауіпсіздік үйлесімділіктерін тоқтатуды толығымен жүзеге асыруы керек» деді.