Сейіт Хасан Насролла: Дұшпан қарсыласу қозғалысына қарсы қастандық жасауды көздеп отыр
(last modified Sun, 25 Feb 2018 10:53:17 GMT )
Ақп 25, 2018 16:53 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Дұшпан қарсыласу қозғалысына қарсы қастандық жасауды көздеп отыр

Ливан Хезболласының бас хатшысы АҚШ пен оның одақтастарының аймақтағы жоспарының жеңіліс тапқанына тоқталып: "Бүгін өзіміз сепкен тұқымның өнімін алуымыз керек. Ең маңызды жетістігіміз – қарсыласу қозғалысын қолдау",-деді.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сенбі күні Ливанның шығысындағы Баалбек қаласында сөйлеген сөзінде: "АҚШ пен оның одақтастарының аймақтағы жоспары бұзылып, ДАИШ жеңілгеннен кейін дұшпан қарсыласу қозғалысына қарсы қастандық жасауды көздеп отыр",-деп қуаттады.

Сейіт Хасан Насролла АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ливанға сапары жайында: "Рекс Тиллерсон Бейрутке бет алғанда оның осы сапардағы мақсатының тек теңіздегі шекара мәселелеріне ғана қатысты емес, Хезболламен күресу екендігін айту керек. Израиль қазір ештеңеден қорықпағанда, тоғызыншы аймақтағы мұнай құбырын іске қосып, Ливанның мұнайын иемденіп алар еді",-деді. 

Сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман жуырда Ливанның тоғызыншы мұнай-газ кенішін осы режимге тиесілі деген уәж айтты.