Трамптың Құдсқа қарсы шешімінен бері 35 палестиналық шәһид болды
2017 жылдың 6 желтоқсанында АҚШ Президенті Дональд Трамп Құдсқа қарсы шешім қабылдағаннан бері 35 палестиналық сионистік әскерилермен қақтығыста шәһид болды.
Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, Құдстың израильдік-палестиналық істерді зерттеу институты сәрсенбі күні: "Трамптың 6 желтоқсанда Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тану және АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы шешімінен кейін Иордан өзенінің батыс жағалауы, Газа секторы мен 1948 жылы басып алынған жерлердегі палестиналық қалалар палестиналықтардың сионистік әскерилермен қақтығыстарының сахнасына айналды",-деп хабарлады.
Бұл палестиналық институт өткен 6 желтоқсаннан бері сионистік әскерилермен қақтығыстарда қаза болған 35 палестиналықтың арасында 18 жасқа толмаған 11 баланың болғанын қуаттады.
Сионистік әскерилердің палестиналықтармен қақтығысында мыңдаған палестиналық жараланып, мыңнан аса адам қамауға алынды.
Осы жағдайда АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті 2018 жылдың 14 мамырында осы ел елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа көшірілетінін жариялады.