Шейх Әли Салманның үш жасар қызы Бахрейннің жеке куәлігінен мақұрым қалып отыр
https://itolqyn.com/news/west_asia-i35335-Шейх_Әли_Салманның_үш_жасар_қызы_Бахрейннің_жеке_куәлігінен_мақұрым_қалып_отыр
Халифе әулетінің режимі Бахрейннің "әл-Вафақ" ұлттық-исламдық қоғамы бас хатшысының қызы Сара Әли Салманға жеке куәлік беруден әлі бас тартып отыр.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 06, 2018 20:42 Asia/Almaty
  • Шейх Әли Салманның үш жасар қызы Бахрейннің жеке куәлігінен мақұрым қалып отыр

Халифе әулетінің режимі Бахрейннің "әл-Вафақ" ұлттық-исламдық қоғамы бас хатшысының қызы Сара Әли Салманға жеке куәлік беруден әлі бас тартып отыр.

Бахрейндегі билеуші режимге қарсы ең ірі саяси топ болып табылатын "әл-Вафақ" қоғамының бас хатшысы шейх Әли Салман 1990 жылдары бұл елден қуылып, 2001 жылы қайтып оралды.

Халифе әулетінің режимі 2015 жылдың маусым айында "әл-Вафақ" қоғамының бас хатшысын Бахрейннің Ішкі істер министрлігіне құрметсіздік көрсетіп, халықты заң бұзуға арандатты деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырды.  Содан кейін Аппеляциялық сот Халифе әулетінің режиміне қарсы қастандық ұйымдастырды деген негізгі айыпты растап, шейх Әли Салманның жазасын 9 жылға көбейтті.