Сирияның Шығыс Ғуте аймағынан америкалық қару-жарақ табылды
(last modified Fri, 09 Mar 2018 14:30:57 GMT )
Нау 09, 2018 20:30 Asia/Almaty
  • Сирияның Шығыс Ғуте аймағынан америкалық қару-жарақ табылды

Сирия әскері бейсенбі күні осы елдің астанасы Дамасктің Шығыс Ғуте аймағынан АҚШ-та жасалған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың көптеп табылғанын хабарлады.

IRNA-ның мәліметі бойынша, Сирия әскері: "Қару-жарақтар мен оқ-дәрілер Сирия әскері Дамасктің Шығыс Ғуте аймағындағы ілгерілеуі барысында табылды",- деп мәлімдеді.

Сирия әскерінің мәлімдемесіне сәйкес, қару-жарақтар мен оқ-дәрілер белгісіз топтар тарапынан "Таһрир аш-Шам" лаңкестік тобына берілуі тиіс болған.

Сонымен қатар Harbi Press ақпарат торабы бейсенбі күні Сирия әскерінің Дамаск түбіндегі Шығыс Ғуте аймағының шығыс бөлігінде лаңкестік топтармен шиеленісті қақтығыстардан кейін Хуш аш-Шара мен Қабибат елді мекендерін өз бақылауына алғанын хабарлады.

Осы екі қалашықты азат ету арқылы лаңкестер мен қарулы топтардың басқыншылығында болған Шығыс Ғуте аймағының 50 пайыздан астам бөлігі Сирия әскері мен қарсыласу күштерінің қолына өтті.

Келесі бір хабарға сәйкес, Иран Телерадио бірлестігінің тілшісі Сейіт Моджтаба Хейдари бейсенбі күні Дамасктің шығыс бөлігіндегі Ғуте ауданындағы Сирия әскерінің әскери амалдары туралы баяндама жасап жатқан кезде жараланған.