Асад: Сирияның лаңкестікпен күресі әлемнің барлық елдерін қорғауға бағытталған
(last modified Mon, 19 Mar 2018 08:55:43 GMT )
Нау 19, 2018 14:55 Asia/Almaty
  • Асад: Сирияның лаңкестікпен күресі әлемнің барлық елдерін қорғауға бағытталған

Сирия президенті Башар Асад Дамасктың Шығыс Ғуте аймағындағы соғыстың алдыңғы шептеріндегі әскердің позицияларын аралап, Сирия Әскері күштерінің алдында сөйлеген сөзінде: "Сіздер тек Сирияны ғана емес, бүкіл әлем елдерін қорғау үшін соғысып жатырсыздар",- деді.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия президенті Башар Асад сириялық күштерге: "Сириялық әскерилердің лаңкестерді өлтіру үшін атылған әрбір оғымен және әлемнің саяси жоспарының көмегімен Сирия Әскері күштерінің ілгерілеуінің арқасында әлемдегі билік теңгерімі алға қарай бет алды",- деді.

Башар Асад Сирия әскері күштерінің лаңкестікпен күресудегі құзырын мақтан тұтарлық деп бағалап: "Бұл күштер Сирияның тәуелсіздігін алуымен бір мезгілде тарихи қадам жасағаны секілді бүгін де жаңа тарихты қалыптастыруды жалғастыруда",- деді.

Сирия президенті кеше жексенбі күні Сирия Әскерінің Дамасктың маңындағы Шығыс Ғуте аймағындағы позицияларын көріп қайтқан соң Шығыс Ғутеның бір топ тұрғынымен кездесіп, сұхбаттасты.

Сирия Әскері 18 күндік қақтығыстан кейін Шығыс Ғутедегі лаңкестер басып алған территорияның 80 пайызын өз бақылауына алды.