Нау 20, 2018 19:19 Asia/Almaty
  • Ақ үй Махмуд Аббастың Тель-Авивтегі АҚШ елшісі туралы сөзіне реакция білдірді

Ақ үй Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббастың Тель-Авивтегі АҚШ елшісін "иттің баласы» деп атауына реакция білдірді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас дүйсенбі күні Рамаллада сөйлеген сөзінде сионистік режимнің қалашықтар құрылысын қолдағаны үшін Тель-Авивтегі АҚШ елшісі Дэвид Фридманды «иттің баласы» деп атады. Ақ үй Палестина Автономиялық құрылымы  басшысының бұл сөзін дұшпандық деп атап, оны айыптады. Махмуд Аббас: "АҚШ Президенті Дональд Трамптың үкіметі қалашықтар құрылысын заңды деп санайды. Сол себепті америкалық саясаткерлердің көбі, соның ішінде Тель-Авивтегі елшісі Дэвид Фридман: "Израильдіктер үйді өз жерінде салуда",- деген уәж айтуда. Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Дэвид Фридманның басып алынған жерлердегі сионистік режимнің қалашықтар салуы мен Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы және АҚШ елшілігін сол қалаға ауыстыру туралы шешімінің қолдаушысы екенін айтты.

 

 

Тегтер