Жұма күнгі шеруде 10 палестиналық жарақат алды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i35736
Сионистік әскерилердің жұма күнгі Құдсты қолдау мақсатындағы он алтыншы шеруінде кемінде 10 адам жарақат алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 24, 2018 17:21 Asia/Almaty
  • Жұма күнгі шеруде 10 палестиналық жарақат алды

Сионистік әскерилердің жұма күнгі Құдсты қолдау мақсатындағы он алтыншы шеруінде кемінде 10 адам жарақат алды.

Палестина ақпарат орталығының мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде жариялауын айыптап, жұма күні он алтыншы рет шеруге шыққан  палестиналықтар израильдік әскерилердің шабуылымен бетпе-бет келді. Шеру қақтығыспен аяқталды.

Сионистік әскерилер көзді жасаурататын газ шашып, оқ ату арқылы наразы палестиналықтарды басты. Газ салдарынан бір адам демі жетпей, тұншығып қалды.

Калкилиядағы қақтығыстарда 6 палестиналық, Рамаллада 4 палестиналық жарақат алды.