Кувейттің Қорғаныс министрі: Иранның қатысуынсыз аймақта қауіпсіздік орнату мүмкін емес
(last modified Sun, 25 Mar 2018 19:52:52 GMT )
Нау 26, 2018 01:52 Asia/Almaty
  • Кувейттің Қорғаныс министрі: Иранның қатысуынсыз аймақта қауіпсіздік орнату мүмкін емес

Кувейттің Қорғаныс министрі: "Иран және Иракпен жақын байланыс жасамай, аймақта қауіпсіздік орнату мүмкін емес",-деді.

"ParsToday" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кувейттің Қорғаныс министрі әрі Премьер-министрдің бірінші орынбасары шейх Насер әс-Сабах "Кувейттегі инвестиция" атты форумда: "Шынайы қауіпсіздік Иран және Иракпен тығыз байланыс орнатқанда ғана қалыптасады. Көршілес елдерге қатысты көңіліміз тыныш болмаса, ұдайы алаңдаумен боламыз.

Иранның ірі ел екенін мойындауымыз керек. Бұл елдің ұлы тарихы бар. Қазіргі саяси мәселелер өткінші.

Кувейт Иран және Иракпен жақын байланыс орнатып, олармен қарым-қатынасты кеңейту туралы өзінің басқа серіктестерімен кеңесіп жатыр",-деді.