Газа секторында бір палестиналық шәһид болды
(last modified Fri, 13 Apr 2018 09:13:14 GMT )
Сәу 13, 2018 15:13 Asia/Almaty
  • Газа секторында бір палестиналық шәһид болды

Бейсенбі күні кешке Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнестің шығысында юір палестиналық жас жігіт сионистік режим әскерилерінің оғынан қаза тапты.

Палестиналықтар Газа секторында "Отанға оралу құқығы" атты ауқымды шерулер өткізіп жатыр.

"Отанға оралу құқығы" атты бейбіт шерулер 2018 жылдың 30 наурызында Газа секторында Жер күніне байланысты басталып, әлі жалғасып келеді. 30 наурыздан 13 сәуірге дейінгі шерулерде 32 палестиналық Израиль әскерилерінің оғынан шәһид болып, 3000-нан астам адам жараланды. Палестиналықтардың Жер күнінің жылдығында жыл сайын өткізетін шеруі сионистік режимнің 1976 жылдың 30 наурызында палестиналықтардың жерлерін басып алуға шешім қабылдағанын еске түсіреді.