Рухани мен Ердоған Иран мен Түркия байланыстарын кеңейтуді қуаттады
(last modified Wed, 18 Apr 2018 18:21:17 GMT )
Сәу 19, 2018 00:21 Asia/Almaty
  • Рухани мен Ердоған Иран мен Түркия байланыстарын кеңейтуді қуаттады

ИИР мен Түркия президенттері екі елдің байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатта екі елдің байланыстарын екі жақ мүдделік танытатын барлық салаларда бұрынғыдан көбірек кеңейтіп, тереңдетуді екі ел халқының талап-тілегі деп атап, жасалған келісімдерді жүзеге асыруды жылдамдатуды дамып келе жатқан байланыстарға серпін береді деп бағалады.

Рухани Америка мен сионистік режимнің аймақтағы араласушылықтары мен қиындық тудырудағы әрекеттеріне тоқталып: «Егер Сирияға шабуыл жасаушы елдер шын мәнінде химиялық шабуылды жасаушыларды табуды мақсат етсе, неліктен Химиялық қаруларға тыйым салатын ұйымның инспекторларына тексеру жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсат бермеді?» деді.

Режеп Тайып Ердоған да Сирияның жағдайына сілтеме жасап, Иран мен Ресейдің шиеленісті азайту мен Сирияда саяси үдерісті ілгерілетудегі серіктестігін маңызды деп атап: «Сирияның аумақтық тұтастығын сақтап, сол елдегі жағдайды доғару үшін шешім жолдарын іздеу ортақ серіктестіктер арқылы жүзеге асады» деді.

 

Тегтер