Йеменнің Саяси жоғары кеңесінің басшысы шәһид болды
(last modified Tue, 24 Apr 2018 11:33:42 GMT )
Сәу 24, 2018 17:33 Asia/Almaty
  • Йеменнің Саяси жоғары кеңесінің басшысы шәһид болды

Саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Йеменнің батысындағы Хадиде облысына жасаған әуе шабуылында бұл елдің Саяси жоғары кеңесінің басшысы шәһид болды.

ИРНА ақпарат агенттігінің Йеменнің Al Masirah ақпарат базасына сілтеме жасап хабарлауы бойынш, Йеменнің Саяси жоғары кеңесі дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде бұл елдің халқына Салех Самадтың шәһид болуына байланысты көңіл айтып: "Бұл қылмыс жауапсыз қалмайды. Шапқыншылар бұл қылмыстың сазайын тартады",- деді.

Салех Самад пен оның қасындағы алты адам шәһид болғаннан кейін Йеменнің Саяси жоғары кеңесі бұл елде үш күн аза жариялады.

Йеменнің Саяси жоғары кеңесі Маһди Мұхаммад Хосейн әл-Машатты кеңестің жаңа басшысы ретінде сайлады.

Йемен Ансаролла қозғалысының басшысы Абдолмалек Бадраддин әл-Хуси елдің Саяси жоғары кеңесінің басшысы Салех Самадтың шәһид болғанына реакция білдіріп, Сауд режимінің Салех Самадты өлтірген қылмысының жауапсыз қалмайтынын қуаттады. Абдолмалек әл-Хуси Ансаролла қозғалысының АҚШ басқарған саудиялық коалицияны  Салех Самадтың өліміне жауапты санайтынын қуаттап: "Йеменнің Саяси жоғары кеңесі  басшысының шәһид болуы халықтың шапқыншыларға қарсы елдің ішкі  тұрақтылығы мен бірлігін арттырады",- деді.