Ливан Хизболасы Бас хатшысының аймақ өзгерістері мен Ливандағы сайлау туралы айтқан сөздері
Ливан Хизболасының Бас хатшысы Таяу Шығыс аймағының жағдайын сезімтал деп атап: "Сионистік режимнің Сирияға қарсы шабуылдарының жалғасуы бұл елге шынайы қатер тудыруымен бірге, аймақтың түкпір-түкпіріндегі дағдарыстың кеңеюіне себеп болады",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің Бейруттен хабарлауы бойынша, Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні Бейруттің Захие аймағында сөйлеген сөзінде аймақ өзгерістері туралы: "Дұшпандар мен олардың көшбасшылары – АҚШ пен сионистік режим әртүрлі жолдармен аймақ жағдайын шиеленістіріп, аймақ елдері арасында соғыс өртін жалындатқысы келеді",- деді.
Ливан Хизболласының Бас хатшысы өткен апталардағы сионистік режимнің Сирияға қарсы әуе және артиллериялық шабуылдарының жалғасуына тоқталып: "Сионистер АҚШ-тың қолдауымен Сирия дағдарысын басқа елдерге таратуға көздеуде. Сондықтан аймақ елдерінің басшылары қырағы болуы қажет. Егер Хизболла мен Ливан Армиясы бұл ел мен Сирияның шекараларында ДАИШ-пен соғыспағанда, осы кезде Ливанда сайлау өткізетін мүмкіндік болмайтын еді",- деп қуаттады.