Ливан Хизболасы Бас хатшысының аймақ өзгерістері мен Ливандағы сайлау туралы айтқан сөздері
https://itolqyn.com/news/west_asia-i36454-Ливан_Хизболасы_Бас_хатшысының_аймақ_өзгерістері_мен_Ливандағы_сайлау_туралы_айтқан_сөздері
Ливан Хизболасының Бас хатшысы Таяу Шығыс аймағының жағдайын сезімтал деп атап: "Сионистік режимнің Сирияға қарсы шабуылдарының жалғасуы бұл елге шынайы қатер тудыруымен бірге, аймақтың түкпір-түкпіріндегі дағдарыстың кеңеюіне себеп болады",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 24, 2018 19:43 Asia/Almaty
  • Ливан Хизболасы Бас хатшысының аймақ өзгерістері мен Ливандағы сайлау туралы айтқан сөздері

Ливан Хизболасының Бас хатшысы Таяу Шығыс аймағының жағдайын сезімтал деп атап: "Сионистік режимнің Сирияға қарсы шабуылдарының жалғасуы бұл елге шынайы қатер тудыруымен бірге, аймақтың түкпір-түкпіріндегі дағдарыстың кеңеюіне себеп болады",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің Бейруттен хабарлауы бойынша, Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні Бейруттің Захие аймағында сөйлеген сөзінде аймақ өзгерістері туралы: "Дұшпандар мен олардың көшбасшылары – АҚШ пен сионистік режим әртүрлі жолдармен аймақ жағдайын шиеленістіріп, аймақ елдері арасында соғыс өртін жалындатқысы келеді",- деді.

Ливан Хизболласының Бас хатшысы өткен апталардағы сионистік режимнің Сирияға қарсы әуе және артиллериялық шабуылдарының жалғасуына тоқталып: "Сионистер АҚШ-тың қолдауымен Сирия дағдарысын басқа елдерге таратуға көздеуде. Сондықтан аймақ елдерінің басшылары қырағы болуы қажет. Егер Хизболла мен Ливан Армиясы бұл ел мен Сирияның шекараларында ДАИШ-пен соғыспағанда, осы кезде Ливанда сайлау өткізетін мүмкіндік болмайтын еді",- деп қуаттады.