Иран Йеменнің Саяси жоғары кеңесі басшысының шәһид болуына байланысты көңіл айтты
(last modified Wed, 25 Apr 2018 09:19:11 GMT )
Сәу 25, 2018 15:19 Asia/Almaty
  • Иран Йеменнің Саяси жоғары кеңесі басшысының шәһид болуына байланысты көңіл айтты

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Йеменнің Саяси жоғары кеңесінің басшысы Салех Самадтың шәһид болуына байланысты көңіл айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, министрліктің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми сейсенбі күні Йеменнің сабыр әрі батыл халқының үш жылдан астам уақыт бойы Сауд режимінің шабуылдарына қарсылық білдіруін мадақтап: "Көп ұзамай Йемен халқы басқыншыларға қарсы күрестерінің нәтижесін көреді",- деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз хатшысы Рамазан Шариф саудиялық коалицияның Йемен халқына қарсы әрекеттерін айыптап, Салех Самадтың шәһид болуына байланысты бұл елдің халқына, армиясы және халықтық комитеттері мен Ансаролла қозғалысының басшысына көңіл айтты.

Йеменнің Саяси жоғары кеңесінің басшысы Салех Самад бейсенбі күні саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының Йеменнің батысындағы Хадиде облысына жасаған әуе шабуылында   шәһид болды.