АҚШ елшілігінің Құдсқа көшірілуімен бір мезгілде сионистер Палестина халқын қырып жатыр
(last modified Tue, 15 May 2018 06:52:45 GMT )
Maм 15, 2018 12:52 Asia/Almaty

АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшірілуімен бір мезгілде сионистік әскерилер кемінде 58 палестиналықты атып өлтіріп, 2700-ден астам адамды жаралады.

АҚШ үкіметі кеше, дүйсенбі күні адам құқығы туралы уәж айтатын ұйымдар мен БҰҰ-ның біліксіздігін теріс пайдаланып, өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшірді. Бұл оқиғаға қатысты Құдс қаласы, Йордан өзенің батыс жағалауы мен Газа секторындағы Палестина халқы кешегі таңнан бері наразылық әрекеттерін бастады.

Сионистік режимнің мергендері әскери оқтармен Газа секторының шекараларындағы шерушілерге қарай оқ атты.

Мәліметтер израильдік әскерилердің Газа секторының шығысында да палестиналық шерушілерді артиллериялық оқтармен нысанаға алғанын көрсетеді.

Палестинаның Денсаулық министрі Джавад Ауад мәлімдеме жариялап, шәһидтер мен жарақат алғандардың санының артып келе жатқанын хабарлады.

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф «Твиттердегі» парақшасында: "Сионистік режимнің бүгінгі қылмыстарымен орайлас АҚШ Презмденті Дональд Трамп АҚШ елшілігінің заңсыз түрде Құдсқа көшіруін тойлап, араб одақтастары да қоғамдық пікірді бұрмалауда. Бұл өте масқара күн болды",- деп жазды.