Ердоған сионистік режимді соттау қажеттігін баса айтты
Түркия Президенті: "Сионистік режим жазықсыз палестиналықтарды қырып-жойып, адамзатқа қарсы қылмыс жасап, мемлекеттік терроризммен айналысқаны үшін халықаралық соттарда тергеуге алынып, сотталуы тиіс",-деп қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған жұма күні кешке Стамбұлда Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының төтенше отырысында: "Сионистік режимнің Палестина халқына қарсы жасап жатқан қылмыстары – бұзақылық, айуандық әрі мемлекеттік терроризм",-деді.
Түркия Президенті, сондай-ақ, АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Құдсқа көшірілгенін айыптап: "Бұл шара – сионистік режимнің мақсаттарын қамтамасыз етуге бағытталған біржақты әрі бейбастақ әрекет.
АҚШ басшыларының қолдары палестиналықтардың қанымен былғанған, өйткені олардың сионистік режим тарапынан қырып-жойылуына жағдай жасады",-деді.
Түркия Президенті Палестина халқын сионистік режиммен күресте қолдайтынын мәлімдеп, Құдс мәселесін әлем мұсылмандарының барлығына ортақ мәселе деп атады.