«Оралу құқығы» шеруінде тағы бір палестиналық шәһид болды
(last modified Sat, 19 May 2018 12:30:52 GMT )
Maм 19, 2018 18:30 Asia/Almaty
  • «Оралу құқығы» шеруінде тағы бір палестиналық шәһид болды

Палестиналық бір азамат жұма күні түнде «Оралу құқығы» шеруінде алған қатты жарақат салдарынан шәһид болды.

Наурыз айының 30 күні «Жер күніне» байланысты Газа секторында басталған «Оралу құқығы» атты бейбіт шеру әлі жалғасуда.  
Палестина ақпарат тарату орталығының мәліметіне сәйкес, Газа секторындағы «аш-Шати» қосынының 58 жастағы Моин Ас-Саи деген палестиналық тұрғыны жұма күні «Оралу құқығы» шеруі барысында израильдік әскерилер тарапынан нысанаға алынып, жараланған. Ол кеше жұма күні жарасының асқынуы салдарынан шәһид болған.   

Осы мәліметке сәйкес, Моин ас-Саидің шәһадатымен «Оралу құқығы» шерулері шәһидтерінің саны 118 адамға жетіп, жараланғандардың саны 12 000 адамды құраған.