Сионистердің Debka сайты «Ғасыр келісімінің» ең басты мазмұнын жариялады
Сионистердің Debka сайты «Америка үкіметі аймақтағы кертартпа бірнеше араб елінің, соның ішінде Сауд Арабиясы мен БАӘ көмегімен америкалық «Ғасыр келісімі» жобасы бойынша келісімге келді» деген уәж жариялаған.
Палестинаның ақпарат тарату орталығының мәліметі бойынша сионистік Debka хабар дереккөзі «Америка президенті Дональд Трамп Катардың әмірі шейх Тамим Бен Хамад ал-Тани мен Мысыр президенті Абдул-Фатих ас-Сиси, саудиялық тақмұрагері Мохаммад Бен Салман, Абу-Даби тақмұрагері Мохаммад Бен Зайедпен «Ғасыр келісімі» деп атаған жобасының мазмұны туралы сөйлескенін, бұл жобаның келісілген уақытта Америка тарапынан жарияланатынын жазды.
Сионистік сайт кейбір хабардар дереккөздеріне сілтеме жасап: ««Ғасыр келісіміне» сәйкес Израиль Иордан өзенінің үлкен бөлігі мен шекаралық өткелдердің қауіпсіздігінің жауапкершілігін өз ықтиярына алады. Тек Шығыс Құдстың араб аудандары ғана Палестинаға қосылады. ХАМАС қарусыздану шартын қабылдаған жағдайда Газа секторы жаңа Палестинаға қосылатын болады" деп жазған.
Сионистік Debka сайтының мәліметіне сәйкес, америкалық «Ғасыр келісімі» жобасында палестиналықтардың өздерінің отаны Палестинаға оралу құқығы жойылып, әл-Ақса мешітін басқару ортақ түрде Иордан мен Палестина және Израильге тапсырылады.