Башар Асад Дамаскта Путиннің арнайы өкілімен кездесті
Сирия Президенті Башар Асад сәрсенбі күні Дамаскта Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастаған делегациямен кездесіп, сұхбаттасты.
Сирияның Al-Ikhbaria телеарнасының хабарлауы бойынша, Башар Асад сәрсенбі күнгі кездесуде: "Кейбір халықаралық тараптар Сирия майданындағы өзгерістер жөнінде шынайы мағлұматқа ие болмағандықтан осы мәселе саяси үдерістегі ілгерілеушілікке кедергі келтіріп отыр.
Ресей үкіметі мен халқы Сирияда лаңкестер толығымен жойылып, қалған аудандар азат етілгенге дейінгі барлық жеңістерге ортақ болмақ",-деп қуаттады.
Ресей Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев: "Ресей мен Сирия басшыларының жуырда Сочиде отырыс өткізіп, келіссөз жүргізуі екі елдің қарым-қатынасы мен әріптестік жолдарын одан ары нығайта түсті",-деді.