Әл-Хуси: Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің мақсаты – Йеменді басып алу
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменге әскери басқыншылығының мақсатын бұл елді басып алу деп атап: "Оларда ешқандай бейбіт мақсат жоқ",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абдулмалик Бадреддин әл-Хуси жексенбі күні кешке сөйлеген сөзінде Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменнің кейбір облыстарындағы тәкфирлік әрекеттерді қолдау үшін миллиардтаған доллар жұмсағанын айтып: "Саудиялықтар Йеменге шабуылдың басында халық арасында қайшылық пен дұшпандық тудыруға талпыныс жасады",-деді.
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ офицерлерінің Йеменнің әл-Маха ауданында америкалық және сионист офицерлермен байланыста екенін айтып: "АҚШ пен сионистік режим Йеменге әскери басқыншылық жасауға қатысты одақтасып алған",-деді.
Ол, сондай-ақ, Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Палестина халқына қарсы да қастандық ұйымдастырып жатқанын қуаттап, сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Йеменге басқыншылықты осы режим мен Сауд Арабиясының ортақ мүдделерінің бір бөлігі санайтынын айтты.