Газа секторындағы "Оралу құқығы" шеруінде 1 адам шәһид болып, 100 адам жараланды
Палестина ақпарат тарату орталығы жұма күні кешке Газа секторындағы "Оралу құқығы" атты үлкен шерудің оныншы жұмасында 1 адам шәһид болып, 100 адамның жараланғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, доктор Раззан ән-Наджар жұма күні кешке Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнесте Израиль әскерилерінің оғынан шәһид болды.
Ол "Оралу құқығы" атты бейбіт шеруде жараланғандардың жағдайын қарастыру ісімен айналысатын. Жұма күні жараланғандардың арасында әйелдер мен балалар көп.
Палестина ауруханалары кейбір жараланғандардың жағдайын ауыр деп хабарлады.
30 наурыздан осы күнге дейін "Оралу құқығы" атты бейбіт шеруде 120-дан астам адам Израиль әскерилерінің оғынан шәһид болып, шамамен 13 мың адам жараланды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуі бойынша, шәһид болғандардың арасында 13 бала, жараланғандардың арасында 2 мыңнан астам бала мен 1000 әйел бар.