Газа секторында сионистік әскерилердің оғынан 4 палестиналық шәһид болды
(last modified Sat, 09 Jun 2018 07:58:05 GMT )
Маусым 09, 2018 13:58 Asia/Almaty

Палестиналық ақпарат көздері сионистік әскерилердің Газа секторындағы Құдс күнгі шеруге шыққан палестиналықтарға оқ жаудырып, олардың төртеуін шәһид еткенін хабарлады.

Fars News ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарды растап, Газа секторындағы шәһидтердің санын төрт адам, жарақат алғандардың санының 620 адамға жеткенін мәлімдеді.

Осы хабарламаға сәйкес, 26 жастағы Эмад Набил Абу Дораби мен Зияд Джадалла әл-Барим Хан-Юнес қаласында көп жарақат алғаннан кейін Газа секторының оңтүстігінде шәһид болған.

Gaza Press ақпарат торабы да 14 жастағы жасөспірім Хейсам Мұхаммад әл-Джамалдың Газа секторының Рафаһ ауданында шәһид болғанын хабарлады.

Төртінші адам Газа секторы мен басып алынған Палестина шекарасына жақын маңда сионистердің оғы салдарынан шәһид болған.

Кеше жұма күні мыңдаған палестиналық әл-Ақса мешітіндегі жұма намазынан кейін Газа секторында "Оралу құқығы" атты наразылық шеруін ұйымдастырды.