Түркия АҚШ-қа қарсы экономикалық соғыс бастады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i37930-Түркия_АҚШ_қа_қарсы_экономикалық_соғыс_бастады
Анкара АҚШ-тың Түркиядан импортталатын тауарларға тарифтерді арттыруына байланысты ҚХР мен Еуропа одағы секілді Вашингтонға қарсы экономикалық соғыс бастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 22, 2018 12:57 Asia/Almaty
  • Түркия АҚШ-қа қарсы экономикалық соғыс бастады

Анкара АҚШ-тың Түркиядан импортталатын тауарларға тарифтерді арттыруына байланысты ҚХР мен Еуропа одағы секілді Вашингтонға қарсы экономикалық соғыс бастады.

Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекджи Анкараның бүгіннен бастап болатқа бекіткен қосымша тарифтеріне байланысты АҚШ-қа қарсы құны 266 миллион долларды құрайтын экономикалық қарымта әрекеттерді жүзеге асыратынын мәлімдеді.

Зейбекджи АҚШ-тың әлемнің түрлі елдеріне қарсы сауда-экономикалық соғысын ақылға қонбайтын әрі ауыртпалық келтіретін іс деп атап: "Анкараның Вашингтонға қарсы қарымта әрекеттері құны 266 миллион долларды құрайтын АҚШ-тан импортталатын  әртүрлі тауарларды, соның ішінде автокөлік, өнеркәсіптік құрал-жабдықтар мен мұнай-химия өнімдерін қамтиды",- деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп биыл наурыз айында болат пен алюминийге қосымша 25 және 10 пайыздық тарифтердің бекітілетіні туралы шешімін жариялаған болатын. Оның шешімі әлемнің түрлі елдері тарапынан сынға ұшырап, сауда соғысына ұласты.